Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – ел тыныштығы мен Тәуелсіздігімізді қорғайтын қаhарман сарбаздарға көрсетілетін айрықша құрметтің белгісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Отан қорғау – қасиетті парыз әрі мәртебелі міндет.

Халқымыз антына адал, сертіне берік перзенттерін ерекше қадірлейді», – деп атап өткен болатын.

Қарулы Күштеріміздің ардагерлері мен бүгінгі таңда кең-байтақ жерімізді, Тәуелсіздігімізді қорғап тұрған әскери қызметшілерге тағзым ету – баршамыздың ортақ борышымыз.

Отан қорғаушылар – мемлекеттігіміздің тірегі, еліміздің айбыны, егемендігіміздің кепілі.

Ержүрек, қаһарман аға буынның рухына тағзым ету, олардың өшпес ерлігін ұрпақ жадында жаңғыртып, патриотизмді дәріптеу – бүгінде игі дәстүрге айналды.

Бұл құндылықтар әділетті қоғамның берік іргетасын қалыптастырып, жарқын болашағымызға жол ашады.

Баршаңызға мықты денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.

Отбасыларыңыздан қуаныш, шаңырақтарыңыздан құт-береке кетпесін.

Елімізде әрдайым тыныштық орнап, бейбітшілігіміз баянды, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

 

Құрметпен,
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің
Басқарма Төрағасы - Ректоры КӘРІМОВА Бейбіткүл Сәрсемханқызы