•  

    2023-2029 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

    "ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ" КеАҚ

    ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

     

    Университеттің көзқарасы,  миссиясы,  бағдарламалық мақсаты, құндылықтары

    Университет көзқарасы: Қарқынды даму үстіндегі әлемдегі өзгерістерді басқаруға қабілетті педагог даярлайтын, дамытатын зияткерлік платформа.

    Университет Миссиясы: Білім беру саласында еліміздің және әлемнің игілігі үшін озық білім мен құндылықтарды жасай, дамыта және тарата алатын көшбасшы ұстаздарды қалыптастыру.

    Бағдарламалық мақсат: Университет Орталық Азиядағы білім саласындағы оқытудың, оқудың және зерттеудің инновациялық әдістерінің, сондай-ақ ауыл мектептеріндегі білім беруді дамытудың хабына айналуды мақсат етеді.

    Құндылықтар: Толық адам тұлғасы, өз ісіне адалдық, қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік және парасаттылық.