Студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыра отырып, оларды азаматтық-патриоттық рухта тәрбиелеуге бағыттайтын Жастар саясаты орталығы университетте жастардың жан-жақты дамуына арналған түрлі мәдени-рухани, танымдық, әлеуметтік, спорттық және шығармашылық іс-шараларды ұйымдастырады.

    Орталық университет басшылығы мен студент жастар арасындағы өзара байланысты нығайтып, студенттердің бастамаларын қолдауға және олардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізеді.

    Орталықтың басты мақсаты: Білім беру мекемесінде жоғары адамгершілік әлеуеті, жауапкершілігі жоғары, әлеуметтік құзыретті, белсенді өмірлік ұстанымы бар жастар санын арттыру.

    Студенттердің:

    • оқу үдерісін ұйымдастыруға қатысуына,
    • бос уақытын тиімді әрі нәтижелі өткізуіне,
    • қоғамдық бастамаларға белсенді араласуына,
    • көшбасшылық, дербестік, әлеуметтік жауапкершілік қабілеттерін дамытуына жағдай жасау.
    • Сонымен қатар орталықтың маңызды міндеті – адамгершілік, рухани құндылықтар негізінде болашақ жас мамандарды тәрбиелеу, жастардың жеке және кәсіби өсуіне қажетті әлеуметтік маңызды құзыреттерді қалыптастыру.
    • Жастар саясаты орталығы келесі бағыттар бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді:
    • Қазақстандық патриотизмді дамыту, ұлттық құндылықтарды нығайту;
    • Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру;
    • Салауатты өмір салтын насихаттау, студенттер арасында дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту;
    • Ұлттық спорт пен ұлттық ойындарды кеңінен дәріптеу;
    • Студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру, мәдениет пен өнерге баулу;
    • Әлеуметтік көмек көрсету, түрлі өмірлік жағдайларда студенттерге қолдау білдіру;
    • Білім алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу;
    • Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмысына қатысу;
    • Студенттік кеңес, факультет декандары мен өзін-өзі басқару төрағаларын сайлауға атсалысу;
    • Жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыру бойынша іс-шаралар әзірлеу;
    • Зияткерлік, инновациялық, шығармашылық әлеуетті жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасау.
    • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде жастардың жан-жақты дамуына бағытталған 18-ден астам белсенді студенттік ұйымдар жұмыс істейді. Олар жастарды рухани, зияткерлік, патриоттық, мәдени, шығармашылық, спорттық және әлеуметтік тұрғыда дамытуға зор үлес қосып келеді. Атап айтқанда:
    • «Қыз Жібек» клубы – ұлттық тәрбие, мәдениет пен салт-дәстүрді насихаттайтын, жан-жақты дамыған қыздарды қалыптастыруға бағытталған;
    • «SANALY urpaq» клубы – адалдық, жауапкершілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырады;
    • «Парасатты НЛО» дебат клубы – студенттердің шешендік өнерін шыңдап, сыни ойлау дағдыларын дамытады;
    • «Жасыл Ел» еңбек жасағы – жастарды жұмыспен қамту, елді мекендерді көгалдандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастырумен айналысады;
    • «Жастар рухы» жастар қанаты – елжандылықты, көшбасшылықты, әлеуметтік жауапкершілікті дамытады;
    • «Ақ қауырсын» әдебиет жанашырлары клубы – жастардың әдебиетке, рухани құндылықтарға қызығушылығын арттырады;
    • «Серт» студенттік қоғамдық жасағы – құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге атсалысады;
    • «Enactus QYZPU» ұйымы – кәсіпкерлік ойлау, әлеуметтік жобалар мен бизнес бастамаларды дамытуға бағытталған;
    • «Jastar Media» ұйымы – университеттің ақпараттық-насихат жұмыстарының негізгі орталығы;
    • «Волонтерлер лигасы» ұйымы – волонтерлік қозғалысты дамыту, әлеуметтік көмек көрсету;
    • «QyzPU-Tour» ұйымы – туризм, патриоттық тәрбие, табиғатты тану бағытында жұмыс істейді;
    • «QyzPU патриоттары» ұйымы – ұлттық сана мен елге сүйіспеншілікті қалыптастыратын негізгі ұйым;
    • «Royals» клубы – өнер, мәдениет, шығармашылық бағыттағы жастардың басын біріктіреді;
    • «Тұрақты даму» ұйымы – экологиялық, әлеуметтік жауапкершілік пен орнықты даму мақсаттарын жүзеге асырады;
    • «NAZAR Podcast» – университет өмірін заманауи форматта таныстыратын ақпараттық платформа;
    • «Vision Woman» – қыздардың көшбасшылық қасиеттерін, стиль мен этикет мәдениетін дамытады;
    • «Healthy Life» – салауатты өмір салтын насихаттайды;
    • «Ашық жүрек» волонтерлар ұйымы – қайырымдылық пен әлеуметтік қолдау бағытында жұмыс жүргізеді.
    • Жаңа ортаға тез бейімделу, позитивті көзқарас, оптимистік рух пен белсенді өмір салты – университет студенттік өмірінің айқын көрінісі. Жастар саясаты орталығы мен студенттік ұйымдар жастардың:
    • қоғамдық белсенділігін арттыруға,
    • азаматтық ұстанымын қалыптастыруға,
    • бәсекеге қабілеттілігін көтеруге,
    • рухани байлығы мен зияткерлік дамуына ықпал ететін барлық қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.

    Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары мен клубтары

    №

    Ұйымның атауы

    Логотип

    Мақсаты

    Әлеуметтік желідегі парақшалары

     

    1.

    «Тұрақты даму»

    Бұл кедейлік пен кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы тұруға, сондай-ақ планетаны қорғауға және барлық адамдар үшін бейбітшілік пен гүлденуді қамтамасыз етуге бағытталған жаһандық деңгейде қабылданған мақсаттар.

    @tyraqty.damu.qyzpu

    2.

    «Ақ қауырсын» әдебиеттанушылар

    IMG_5948

    Қазақстан Республикасы жастарының әдебиетке қызығатын ортасын қалыптасырып, жан-жақты дамуымен түрлі саладағы қазақи әдеби орта құру

    @aqqauyrsyn_qyzpu

    3.

    «QYZPU патриоттары» 

    Untitled-1 (1)

    Елін сүйген, тілі мен мәдениетін құрметтеген, бәсекеге қабілетті, ұлтжанды, қазақтың болашақ зиялы элитасы болатын жастарды қалыптастыру.

    @qyzpu_patriottary

    4.

    «Ашық жүрек» волонтерлар ұйымы

    IMG_0164

    Ашық жүрек -жақсылық жанашыларының жүрегін біріктіретін ұйым.

    @aj_qyzpu

    5.

    «Jastar media»

    Изображение WhatsApp 2025-11-17 в 14.05.49_50177d3e

    Ақпараттық-насихаттық, шығармашылық бағыттағы ұйым

    @jastarmedia.qyzpu

    6.

    «Жастар Рухы» ЖҚ

     

    2560px-Jastar_Ruhy_logo.svg

    Сапалы білім алуға ынталы, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын, өзінің және елінің болашағы үшін жауапкершілікті терең сезіне отырып, біздің құндылықтарымыз бен қағидаттарымызға ортақтасатын әрбір жас қазақстандық патриоттың мүддесін білдіру және қолдау

    @jastarruhy_qyzpu

    7.

    «Жасыл- ел» еңбек жасағы

    Изображение WhatsApp 2025-11-17 в 14.02.36_7f9493e5

    Жастарды жұмыспен қамту және елді мекендердің айналасын жасыл желекпен көмкеру, жастардың күшімен елімізді көгалдандыру, көркейту, сонымен қатар жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген махаббатын, патриоттық сезімін ояту.

    @qyzpu.zhasylel

    8.

    «ҚызЖібек»

    Изображение WhatsApp 2025-11-17 в 12.55.50_6fee8bb0

    «Қыз Жібек» клубы Қазіргі қоғамдық ортада азаматтық ұстанымдары бар,  алған білімін тәжірибе жүзінде ұштастыра білетін, парасатты, салт-дәстүр мен мәдениетті дәріптейтін, бүгінгі өмірге бейім, шынайы жан-жақты дамыған қыздарды қалыптастыру бағытындағы жастар ұйымы

    @qyz_jibek_qyzpu

    9.

    «Парасатты НЛО» пікірсайыс ұйымы

    IMG_2909

    Студенттердің шешендік сөйлеу және көпшілік ортада өзін- өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру. Қоғамдық әлеуметтік мәселелерді жастар ойымен талқыға салып шешу жолдарын қарастыратын ұйым

    @parasattynlo

    10.

    «Sanaly Urpaq»

    IMG_7338

    Сыбайлас жемқорлықтан таза елімізде өмір сүруге бағытталған, аса өнегелі, жауапты, ынталы, әлеуметтік жағынан білікті және өз елінің патриоты болатын тұлға қалыптастыру

    @sanaly.urpaq_qyzpu

    11.

    «Серт ПКСО»

    Изображение WhatsApp 2025-11-17 в 12.53.31_8de8cd25

    Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау, адамгершілік пен құқықтық мәдениетті арттыру

    @sert_qyzpu

    12.

    «Enactus QYZPU» ұйымы

    Изображение WhatsApp 2025-11-17 в 14.12.42_b83c85e6

    Кәсіпкерлік тәсіл арқылы адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертетін түрлі жобаларға қатысу; Инновациялармен бизнес қағидаттарын енгізу арқылы жастарды кәсіпкерлікке тарту, қоғамның әл-ауқатын арттыру

    @enactus.qyzpu

    13.

    «Qyzpu-Tour» ұйымы

    IMG_6470

    Туризмнің белсенді түрлері арқылы рухани, патриоттық білім деңгейін көтеру, сондай-ақ жаратылыстану саласында базалық білім алу

    @qyzpu_tour

    14.

    «Royals» клубы

     

    Изображение WhatsApp 2025-11-17 в 14.13.16_62fd412d

    Ортақ қызығушылықтары бар студенттерді біріктіру және жеке хоббилерін дамыту, олардың арасында жылы достық қарым-қатынас орнату, өнердің әртүрлі салаларында мәдени-қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, университет ішілік іс-шараларға белсенді қатысу.

    @qyzpu_royals_club

    15.

    «Қазақстан Студенттер Альянсы»

    IMG_4323

    Студент қыздарды біріктіріп, олардың құқықтарын қорғау, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар әлеуметтік және қоғамдық белсенділіктерін арттыру

    @qsa_qyzpu

    15.

    «NAZAR podcast»

    Изображение WhatsApp 2025-11-17 в 14.16.01_774d995e

    Реальное и интересное освещение университетской жизни, предоставление полезной информации и мотивации.

    @nazar_podcast_qyzpu

    17.

    «Vision Woman»

     

    Изображение WhatsApp 2025-11-17 в 12.53.54_3cfa2867

    Стиль мен этикет арқылы өзін-өзі таныту мәдениетін қалыптастыру, білім мен дағдыларын жетілдіріп, нетворкинг арқылы қыздарды көшбасшы ретінде тәрбиелеу және қоғамдағы мүмкіндіктерін кеңейтуге үлес қосу.

    @vision_woman_qyzpu

    18.

    «Healthy life»

    Изображение WhatsApp 2025-11-17 в 14.16.10_cbb71be7

    Cалауатты өмір салтын насихаттап, денсаулықты сақтау мен дұрыс әдеттерді қалыптастыруға бағытталған ұйым.

    @qyzpu_healthylife