ҚҰРМЕТТІ БІЛІМ АЛУШЫЛАР!
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтына қош келдіңіздер! Біздің институт – ғылым мен өнерді ұштастырған, ақыл-парасат ортасы, білікті профессор-оқытушылар құрамы ғылым мен білімнің, өнердің кәсіби шеберлігін меңгеруге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда біздің институтымызда 5 кафедра және «Ұлы дала» орталығы жұмыс атқарады. Институтымыз Нийде Омер Халисдемир университеті, Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті, Миссисипи мемлекеттік университеті, Анкара Хаджи Байрам Вели университеті, Гонконг университеті, Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясы т.б. шетелдік жоғарғы оқу орындарымен ынтымақтастық қарым-қатынас жөнінде келісімшарт пен меморандумға отырған. Қазіргі таңда, қос диплом, бірлескен білім беру бағдарламалары, шетелдік тағылымдамалар және студенттердің академиялық ұтқырлығы арқылы әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен білім алмасу мүмкіндігіне ие.
Білім беру бағдарламалары аясында «Айгүл» вокалды-инструменталды ансамблі, «Томирис» би ансамблі, «Ұлар» этно-фольклор ансамблі, «ViVA» этно-фольклор аспаптық ансамблі, АЙ-ДАЙ» дуэті, «Нәзік» жетігеншілер ансамблі, «Муза» гитарашылар тобы, КВН командалары, Оркестр, Хор студенттердің шығармашылық топтары құрылған.
Институтымыздың түлектері ғылым мен білім саласында, әкімшілік-басқарушылық қызметте, мәдени-ұйымдастырушылық және өнер салаларында сұранысқа ие.
Сіздерге қызықты студенттік жылдар мен жарқын болашақ тілеймін!
Құрметпен, Институт директоры Сапаров Бақытжан Жолдыбайұлы
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
+7 705 279 93 31
Академиялық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары