• Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы
        • Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы
        • Басқарма төрағасы – Ректор

          Жеке қабылдау: сәрсенбі 15.00 – 17.00 -ге дейін
          Кабинет: Алматы қ., Бөгенбай батыр көш., 142, 7 қабат, №704 кабинет.
          Қабылдау бөлмесі:  +7 (727) 237-00-03, ішкі: 40-02

        • Ректор блогы
      Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы

      Оқу орнының атауы және бітірген жылы:  Қазақ Қыздар педагогикалық институты, 1994 ж.

      Мамандық бойынша біліктілігі: Қазақ мектебіндегі орыс тілі және әдебиеті Ғылыми атағы: Филология ғылымдарының кандидаты

      Біліктілікті жоғарылату: 

      • 2014 - Вашингтон, АҚШ, «Marshall Cavendish Education»;
      • 2015 - Франция, Centre international d’etudes pedagogiques / Departement langue franҫaise;
      • 2018 - Финляндия, Hame University of Applied Sciences. Professional Development Course: Management of Educational Organizations in the era of Digitalization and the 4th lndustrial Revolution;
      • 2019 - Оңтүстік Корея, Сеул Орталық Корейтану академиясы;
      • 2022 - Астана, «Жоғарғы оқу орындарында ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесін орнату» бағдарламасы бойынша Astana IT University біліктілік арттыру курсы;
      • 2023 – Ұлыбритания, Bath University, Reading University және Cardiff Metropolitan University базасында «Executive University Leadership Programme»;
      • 2023 - Астана, Academic Leadership Institute, Nazarbayev University;
      • 2025 - Ежелгі Олимпия, Грекия Халықаралық инклюзивті білім беру туралы жазғы мектеп;

      Еңбек жолы:

      • 1995-2003 жж. Алматы қ. Қазақ Қыздар педагогикалық институтының филология факультеті деканының орынбасары, орыс филология кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы;
      • 2003-2008 жж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының орыс тілі және әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, доценті м.а., Қосымша Алматы үздіксіз білім беру университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры;
      • 2008-2011 жж. Алматы қ. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті колледжінің директоры;
      • 2011-2019 жж. Астана қ. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минситрлігі РМҚҚ «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры;
      • 2020-2025 жж. «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ Басқарма Төрағасы – ректоры;
      • 2021 жылдан Қызылорда қалалық мәслихатының VII, VIII шақырылым депутаты

      Ғылыми еңбектері:

      • Тіл білімі, салыстырмалы грамматика, қазақстандық саясаткердің тілдік тұлғасы, жоғары білім берудегі интернационалдандыру, мектеп оқулықтарының сапасына арналған 90-нан аса ғылыми еңбегі жарық көрген, бірнеше монография, сөздіктер, Scopus/Web of Science базаларындағы журналдарда жарияланған.  Хирш индексі-6.
      • ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қаржыландыруымен жүзеге асырылған гранттық жобаларға қатысуы
      • 2012–2014 жж. «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне арналған оқу басылымдарын жобалаудың теориялық-әдіснамалық негіздері Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуы үшін бәсекеге қабілетті кадрлар даярлаудың шарты ретінде» фундаменталды ғылыми жобаның жетекшісі;
      • 2015–2017 жж. «Қазақстанда көптілдік саясатын жүзеге асыру шарты ретінде педагогикалық кадрлардың тілдік құзіретін қалыптастыру» іргелі ғылыми-зерттеу жобасының орындаушысы;
      • 2018–2020 жж. «Қазақстанның БАҚ жаhандандыру жағдайы және олардың қоғамдық санаға әсер етуі» (лингвистикалық аспектілері) тақырыбындағы ғылыми жобаның орындаушысы;
      • 2022-2024 жж. «Қазақстандағы жоғары білім беруді интернационалдандыру негізінде білім алушылардың лингвомәдени құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы ғылыми жобаның жетекшісі;

      Марапаттаулар:

      • 2011 - «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі;
      • 2012 - ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі;
      • 2015 - «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалі;
      • 2016 - «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі;
      • 2018 - «Астана қаласының 20 жылдығы» мерекелік медалі;
      • 2020 - ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі;
      • 2021 - «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі;
      • 2022 - «Қазақстан Республикасының сот жүйесіне 30 жыл» мерекелік медалі;
      • 2022 - ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі;
      • 2022 - Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты;
      • 2022 - ҚР Парламенті Сенатының Алғысы;
      • 2024 - Қазақстан Республикасы Президентінің 16 қазандағы Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалі;
      • 2024 - «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына 30 жыл» мерекелік медалі;
      • 2024 - Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты;
      • 2025 - ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ахмет Байтұрсынов» төсбелгісі;
      • Құлсариева  Ақтолқын Тұрлыханқызы
        • Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы
        • Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыс және стратегиялық бастамалар жөніндегі проректор

          Жеке қабылдау: сәрсенбі 10.00-ден 12.00-ге дейін
          Кабинет: Алматы қ., Бөгенбай батыр көш., 142, 7 қабат, №715 кабинет.
          Қабылдау бөлмесі:  +7 (727) 237-00-83, ішкі: 41-42

      Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы

      Оқу орнының атауы және бітірген жылы:  1991 жыл, С.М. Жданов атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Ленинград мемлекеттік университетінің Философия факультетін мақсатты жолдамамен тәмамдаған (қазіргі Санкт-Петербург мемлекеттік университеті). Мамандануды этика, эстетика және мәдениет теориясы кафедрасында өтті (диплом УВ №.286904).

      Мамандық бойынша біліктілігі: Философ, әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушысы (диплом УВ № 286904).

      Ғылыми атағы: Философия ғылымдарының докторы, профессор

      Біліктілікті жоғарылату:

      - 2024 жылдың 25 маусымынан 2025 жылдың 25 маусымы аралығында Урбана-Шампейндегі Иллинойс университетінде (UIUC) «500 ғалым» стипендиялық бағдарламасы бойынша «Педагогика» бағыты бойынша тағылымдама (АҚШ).

      - 2013 жылдың 14 қазанынан 20 желтоқсаны аралығында, Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша машықтану курсы, Монтре бизнес мектебі (Швейцария).

      - American Anthropological Association и Anthropology & Education section, Post -Soviet Cultural study section ассоциацияланған мүшесі, AAA ID #000622247I

      - "Білім берудегі Менеджмент" бағдарламасы (180 академиялық сағат) шеңберінде University Management 2020 курсы бойынша кәсіби қайта даярлаудан өтіп, AlmaU дипломын алған. Алматы, ақпан-тамыз 2020 ж.; "СКОЛКОВО" Мәскеу басқару мектебіндегі Менеджмент университеттік курсын 2020 ж. 4-5 маусымында өтті.

      - "Университеттің топ-менеджері" шағын МВА курсын Абай атындағы ҚазҰПУ-да 2020 жылғы 09 қазаннан 2021 жылғы 10 ақпанына дейін оқып, сертификат алып шықты.

      - АҚШ-тағы Пенсильвания университетінде (UPenn) 2012 ж. 8-19 қазан аралығында университет басшыларына арналған "Автономды ортадағы университеттерді корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелері" атты біліктілікті арттыру курсынан өтті.

      -  2011 жылғы 25 шілде-5 тамыз аралығында Германияның Дюссельдорф қаласындағы Халықаралық біліктілікті арттыру және ғылыми ақпарат орталығында "Білім беру саласында мамандарды басқару және персонал менеджменті" бойынша жазғы тағылымдамадан өтті.

      - 2010 жылдың  24 қараша-2 желтоқсан аралығында Жапонияның Цукубо университетінде оқытушыларды жетілдіру курсына қатысты.

      -  2008 жылғы 14 сәуір-6 мамыр аралығында Ұлыбританияның UCL (Лондон университеттік колледжі) оқытушыларды жетілдіру курсына қатысты.

      - 2007 жылы Брюссельде "Еуропалық Одақтың келушілер бағдарламасы" (EUVP) бойынша тағылымдамадан өтті.

      Еңбек жолы:

      - 2024 жылдың қаңтарынан 2026 жылдың наурызына дейін профессор-зерттеуші, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қаласы.

      - 2020 жылдың қазан айынан 2024 жылдың қаңтар айына дейін Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қаласы.

      - 2017 жылдың қазан айынан 2020 жылдың қазан айына дейін Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық бойынша проректор, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қаласы.

      - 2011 жылдың қазан айынан 2017 жылдың қазан айына дейін Оқу ісі жөніндегі проректор, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қаласы.

      - 2010 жылдан 2011 жыл аралығында Философия және саясаттану факультетінің деканы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық  университеті, Алматы қаласы.

      - 2008 жылдан 2010 жылдар аралығында Әкімшілік департамент директоры болды. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, Алматы қаласы.

      - 1991 жылдың тамыз айынан 2011 жылдың қазан айы аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде кафедра ассистентінен профессорға дейін, Философия және  саясаттану факультетінің деканына дейін өсіп, қызмет атқарды, Алматы қаласы.

      Ғылыми еңбектері:

      Мәдениеттану, мәдени антропология, мәдениетаралық коммуникация, этика, эстетика, философия, лингвокультурология, дінтану, білім берудегі менеджмент бойынша барлығы 300-ден астам жарияланымдары бар, оның 20-ы әлемдік мәліметтер қорында (Scopus, WoS) және 64-і  ҚР ҒжЖБМ ҒЖБССҚК тізіміне кіретін ғылыми журналдарда жарияланған.

      ORCID: 0000-0002-7867-430X

      Scopus ID: 56658676300, h-Index: 3

      Researcher ID: B-1707-2015, h-Index: 1

      ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қаржыландыруымен жүзеге асырылған гранттық жобаларға қатысуы

      Әртүрлі уақыт аралығында (2011-2013, 2014-2016) БжҒМ-нің Ғылым комитетінің Гранттық қаржыландыру бойынша жүргізілген 6  жобасының Ғылыми жетекшісі болған; 4 ғылыми жобада зерттеушілер тобында орындаушы болған (2020-2022, 2023-2025); қазіргі уақытта Жоғары білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің бағдарламалық-мақсатты BR24993269 «Эволюция и трансформация ценностных ориентиров казахстанского общества в период Независимости» жобасының Ғылыми жетекшісі.

      Марапаттаулар:

      «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі ҚРБжҒМ, 2010 ж.

      «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі ҚР БжҒМ, 2017 ж.

      «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі ҚР БжҒМ, 2018 ж.

      Мерейтойлық медаль «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл». Июль, 2020 ж.

      М. Әуезов атындағы гуманитарлық ғылымдар саласы бойынша жас ғалымдарға арналған премия,  2003 ж.

      Мемлекеттік грант «ЖОО-ның үздік ұстазы», 2007 ж.

      ҚР БжҒМ Ғылым және техника саласындағы үздік жетістіктері үшін берілетін стипендия - 2008, 2010 жылдар.

      • Суатай Сәбит Құрманжанұлы
        • Суатай Сәбит Құрманжанұлы
        • Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер  жөніндегі проректор

          Жеке қабылдау: сәрсенбі 15.00-ден 17.00-ге дейін
          Кабинет: Алматы қ., Бөгенбай батыр көш., 142, 2 қабат, № 200 кабинет.
          Қабылдау бөлмесі: +7 (727) 237-00-12, ішкі: 40-05

      Суатай Сәбит Құрманжанұлы

      БІЛІМІ

      • Бакалавр: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы (1992-1996)
      • Магистратура: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Тіл білімі» мамандығы (1996-1998)
      • Қазақ филологиясы кафедрасының ізденушісі, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (1998-2002)

      ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ, ДӘРЕЖЕСІ

      • Филология ғылымдарының кандидаты, «Қазақ тілі» (2002)
      • Қауымдастырылған профессор (доцент), Жалпы тіл білімі (2008)
      • Іскерлік әкімшілік магистрі, 7M04109 -  Стратегиялық менеджмент (Executive MBA) білім беру бағдарламасы, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті (2024-2025)

      ЕҢБЕК ЖОЛЫ

      Суатай Сәбит Құрманжанұлы еңбек жолын 1993 жылы Алматы қаласындағы №123 орта мектепте қазақ тілі пәнінің мұғалімі ретінде бастады. Кейіннен түрлі жоғары оқу орындарында оқытушылық және басқарушылық қызметтерді атқарды:

      • 1998-2002 жж. – Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде қазақ тілі пәнінің оқытушысы.
      • 2002-2004 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультеті, жалпы тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы.
      • 2004-2007 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тілдерді дамыту бөлімінің бастығы.
      • 2007-2009 жж. – Д.А. Қонаев атындағы университетінде оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректор, тіл пәндері кафедрасының меңгерушісі.
      • 2009-2014 жж. – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, жалпы білім беру пәндері бойынша әдістемелік кеңес төрағасы.
      • 2014-2018 жж. – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында доцент, директордың оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары.
      • 2018-2021 жж. – Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінде Тіл пәндері кафедрасының меңгерушісі, тәрбие ісі және жастар саясаты жөніндегі бөлім бастығы.
      • 2021-2022 жж. – Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Аударма ісі» кафедрасының профессоры.
      • 2022-2023 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деканы.
      • 2023 жылдан бастап – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма мүшесі – Тұрақты әлеуметтік даму жөніндегі проректор м.а.

      ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ КӘСІБИ ЖЕТІСТІКТЕРІ

      Суатай Сәбит Құрманжанұлы қазақ тіл білімі және тіл саясаты саласында 70-тен астам ғылыми және әдістемелік еңбектің авторы. Қазақстан Республикасының білім және ғылым жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін көптеген марапаттарға ие болған.

      • «Лидер образования» Алтын медалі («Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчестволық бірлестігі, 2012 ж.).
      • «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» мерекелік медалі (2015 ж.).
      • «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағы (2017 ж.).
      • «Ы.Алтынсарин» белгісі (ҚР БҒМ, 2017 ж.).
      • «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісі (ҚР БҒМ, 2017 ж.).
      • «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі (ҚР БҒМ, 2017 ж.).
      • Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты (2024 ж.).

      БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ

      Сәбит Құрманжанұлы кәсіби білімін жетілдіру мақсатында Қазақстан мен шетелде бірнеше біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Соның ішінде:

      • Business Analysis & Process Management (Coursera, 2024 ж.).
      • Generative Artificial Intelligence for University Leaders (University of Maryland, College Park, Vanderbilt University, АҚШ, 2024 ж.).
      • The Science of Well-Being for Teens (Yale University, АҚШ, 2023 ж.).
      • «Жоғары мектеп менеджменті» курсы (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2020 ж.).
      • Біліктілікті арттыру курстары (Валенсия Политехникалық университеті, Испания, 2016 ж.).
      • Қытай, Гонконг, Грекия, Испания сынды елдерде тәжірибе алмасу бағдарламалары.

      ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ

      Суатай Сәбит Құрманжанұлы ғылыми-педагогикалық қызметпен қатар, қоғамдық жұмыстарға да белсенді араласып келеді. 1995-1998 жылдары Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімдігінде Қазақ тілі қоғамының хатшысы қызметін атқарған. Сонымен қатар, білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған мемлекеттік және халықаралық жобаларға белсенді түрде қатысып келеді.

      • Жекенов Думан Құрманғазыұлы
        • Жекенов Думан Құрманғазыұлы
        • Басқарма мүшесі – Әлеуметтік даму және студенттер ісі жөніндегі проректор

          Жеке қабылдау: бейсенбі 15.00-ден 17.00-ге дейін
          Кабинет: Алматы қ., Әйтеке би., 99, бас оқу корпусы, №105 кабинет.
          Қабылдау бөлмесі:

      Жекенов Думан Құрманғазыұлы

      Оқу орнының атауы және бітірген жылы:

      • 2001–2005 жж. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих факультеті (бакалавриат).
      • 2005–2007 жж. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих факультеті (магистратура).
      • 2009–2012 жж. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «6D020200 – Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша кәсіби докторантура (PhD).

      Мамандық бойынша біліктілігі, ғылыми атағы мен дәрежесі:

      • Тарихшы, халықаралық қатынастар мамандығы бойынша PhD докторы (2015 ж. қорғаған, диссертация тақырыбы: «Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтаоның сыртқы саясаты және Қытайдың әлемдік экономикалық ықпалы (2000–2012 жж)»).
      • Қауымдастырылған профессор.

      Шетелдік ғылыми-зерттеу іс-тәжірибесі мен біліктілікті арттыру:

      • 2014 жылдың наурызы – 2015 жылдың мамыры – Пенсильвания университеті (UPenn, АҚШ) мен Колумбия университетінде (Columbia University, АҚШ) тілдік және ғылыми тағылымдама.
      • 2015 жылдың ақпан–мамыр айлары – БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті миссиясында және ҚР-ның АҚШ-тағы (Нью-Йорк қаласы) Бас консулдығының хаттама және виза бөлімінде ерікті қызметкер (волонтер).

      Еңбек жолы :

      • 2005–2007 жж. – Алматы қаласы №72 орта мектептің тарих пәні мұғалімі.
      • 2007–2011 жж. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық ынтымақтастық департаменті Хаттамалық-визалық бөлімінің жетекші маманы.
      • 2012–2013 оқу жылы – Былай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы, деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.
      • 2013–2015 жж. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультеті деканының ғылыми істер және халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі орынбасары.
      • 2015 жылдың қыркүйегі – 2016 жылдың сәуірі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық ынтымақтастық департаменті Академиялық ұтқырлық бөлімінің басшысы.
      • 2016 жылдың қыркүйегі – 2020 жылдың ақпаны – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультеті деканының ғылыми істер және халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі орынбасары.
      • 2020 жылдың ақпаны – 2021 жылдың ақпаны – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультеті деканының оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
      • 2021 жылдың ақпаны – 2023 жылдың қарашасы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінің деканы.
      • 2023 жылдың қарашасы – 2024 жылдың шілдесі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Секретариат кеңсесінің жетекшісі.
      • 2024 жылдың қыркүйегі – 2026 жылдың наурызы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
      • 2026 жылдың наурыз айынан бастап – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Басқарма Төрағасы – Ректордың кеңесшісі.

      Ғылыми еңбектері:

      • Геосаясат, геоэкономика, трансшекаралық логистика және қытайтану салалары бойынша 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы.
      • Scopus халықаралық деректер базасында – 9 мақала.
      • Scopus h-Index: 3.
      • Тоқтыбаев Ернар Дүйсенбекұлы
        • Тоқтыбаев Ернар Дүйсенбекұлы
        • Басқарма мүшесі – Инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректор

          Жеке қабылдау: жұма 15.00 – 17.00 -ге дейін
          Кабинет: Алматы қ., Бөгенбай батыр көш., 142, 6 қабат, № 601 кабинет.
          Қабылдау бөлмесі:  +7 (727) 237-00-11, ішкі: 40-07

      Тоқтыбаев Ернар Дүйсенбекұлы

      Ернар Дүйсенбекұлы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Қаржы» мамандығын тәмамдаған. Сонымен қатар, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде экономика магистрі дәрежесін алған. Торайғыров университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білім алған.

      Еңбек жолын «Сайра-НТ» ЖШС-де менеджер қызметінен бастаған. Әр жылдары Астана қаласы Қаржы басқармасының инспекторы, Астана қаласы Қаржы басқармасының коммуналдық меншік объектілерінің тізілімі және оларды мониторингтеу бөлімінің бас маманы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қаржы және инвестициялық жобалар департаментінің бухгалтерлік есеп және мемлекеттік активтер басқармасының бас сарапшысы, ҚР БҒМ Қаржы департаментінің мемлекеттік активтер басқармасының бас сарапшысы, аталған басқарманың басшысы, Қаржы департаменті директорының орынбасары, Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаменті директорының орынбасары, Қаржы және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

      Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Инфрақұрылымдық жобалар, мемлекеттік сатып алу және активтер департаментінің директоры қызметін атқарды.

      • Кожина Бота Саматқызы
        • Кожина Бота Саматқызы
        • Аппарат басшысы                                                          

          Жеке қабылдау: сәрсенбі 15.00-ден 17.00-ге дейін
          Кабинет: Алматы қ., Бөгенбай батыр көш., 142, 7 қабат, №707 кабинет.
          Телефон нөмері:  +7 (727) 237-00 -33, ішкі: 40-16

      Кожина Бота Саматқызы

      Кожина Бота Саматқызы «Әлеуметтік педагогика», «Құқықтану» мамандықтары бойынша екі жоғары білім дипломын алған. Сонымен қатар «Білім берудегі менеджмент», «Стратегиялық HR-менеджмент», «Мемлекеттік қаржылық бақылау» бағыттары бойынша сертификаттарына ие. Мемлекеттік басқару саласында және білім беру ұйымдарында 22 жылдан астам еңбек өтілі бар.

      Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімі аппаратының Бақылау, құжаттамалық қамтамасыз ету және заңгерлік сараптау бөлімінде 4 жыл қызмет еткен. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінде еңбек етіп, аудит және бақылау қызметінде, әкімшілік қамтамасыз ету, персоналды дамыту және басқару департаменттерінде түрлі лауазымда 15 жыл жұмыс істеген.

      Еңбек жолында білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Бота Саматовна «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен, сондай-ақ министрліктердің «Алғыс», «Құрмет грамотасы», «Білім және ғылым министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері» құрмет дипломы, Астана қаласының әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталған.