Инклюзивті және арнайы білім беру дамыту орталығы

  • Мақсаты:

    Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ЖОО оқытушыларына, педагогтарға әдістемелік көмек көрсету; инклюзивті білім беруді дамыту бағытында педагогтар мен мұғалімдердің, білім беру ұйымының тәрбиешілерінің тәжірибе алмасуын ұйымдастыру; инклюзивті білім беруді жүзеге асыруда оқытушылар мен педагогтарға ақпараттық-консультациялық көмек көрсету; инклюзивті білім беруді жүзеге асырудың әртүрлі бағыттары бойынша ғылыми-әдістемелік ұсынымдар әзірлеу.

    Міндеттері:

    Жоғарыда көрсетілген мақсат негізінде:

    • ЖОО-да ЕББҚ бар білім алушыларды оқу-әдістемелік қолдау (ЕББҚ бар білім алушыларға арналған ресурстық-кеңес беру сыныбы жұмыс жасайды);
    • ЖОО- ның оқытушыларына соның ішінде педагог психологтарға, арнайы педагогтарға, әлеуметтік педагогтарға біліктілікті арттыру курстары өткізіледі;
    • Уақтылы ерте көмек көрсету мақсатында ЕББҚ бар балаларға арналған түзете-дамыту сабақтары жүргізіледі;
    • “Бірге жылырақ” атты ата-аналар клубы ЕББҚ бар балалардың ата-аналарына кеңес беру қызметін атқарады.

    Қызмет бағыттары:

     Аналитикалық қызмет

    • инклюзивті білім беру саласындағы білім беру жүйесі қызметкерлерінің кәсіби және ақпараттық қажеттіліктерін анықтау;
    • ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен педагогикалық жұмыс тәжірибесін анықтау, жинақтау және тарату;

     Ақпараттық қызмет

    • инклюзивті білім беру негіздері бойынша педагогикалық ақпарат базасын (нормативтік-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, әдістемелік және т. б.) қалыптастыру;
    • жалпы білім беру ұйымдарындағы педагогтар мен басшы қызметкерлерін инклюзивті білім беру саласындағы білім беру ұйымдарымен және педагогтардың тәжірибесімен таныстыру;
    • инклюзивті және арнайы білім беруді дамыту орталығындағы іске асырылып жатқан қызмет бағыттары мен жұмыс нәтижелері туралы педагогтар мен ата- аналар қауымын хабардар ету.

     Ұйымдастырушылық-әдістемелік қызмет

    • ЕББҚ бар балалардың оқыту жүйесін дамыту бағыттары бойынша педагогтар мен басшылық қызметкерлерге әдістемелік қолдау және тәжірибелік көмек көрсету;
    • жалпы білім беру ортасында ЕББҚ бар балаларды оқытуды әдістемелік сүйемелдеу;
    • ЕББҚ бар  білім алушылар мен балаларды оқыту мәселелері бойынша ғылыми-практикалық семинарлар, конференциялар, педагогикалық оқулар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу;
    • инклюзивті білім беру мәселесі бойынша жұмыс істейтін әр түрлі ұйымдармен,  қызметтік байланыстарын орната отырып, тәжірибе мен ақпарат алмасуды қамтамасыз ету;

     Кеңес беру қызметі

    • білім беру қызметкерлеріне, ата-аналар қауымына ЕББҚ бар балаларды дамыту, оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңес беру қызметтерін көрсету.