Ғылым саласын басқару және дамыту бөлімі
-
Ғылым саласын басқару және дамыту бөлімі университетте ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлауға, ұйымдастыруға және жүргізуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" КЕАҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Негізгі мақсаттар:
- заманауи ғылыми-инновациялық технологияларды енгізу және оқытушылардың ғылыми біліктілігінің өсуі негізінде ғылыми-зерттеу жұмысының сапасының тұрақты өсуін қамтамасыз ету;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу;
- тұрақты және тиімді ғылыми-зерттеу қызметін құру.
Негізгі міндеттер:
- Ғылым саласындағы инновациялық тәсілдер мен трендтерді енгізу;
- Ғылыми-техникалық жетістіктерді насихаттау және тарату ғылыми зерттеулер мәселелері бойынша халықаралық және республикалық конференциялар, симпозиумдар, көрмелер мен кездесулер ұйымдастыру және өткізуге қатысу;
- Университетте ғылыми-зерттеу жұмысының тиімділігін арттыру;
- Ғылыми - зерттеу және инновациялық қызметті іске асыруда институттың құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын және қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету;
- ЖОО ғылымын дамыту және институттың ғылыми ұжымдарының ғылыми өнімдердің өңірлік және халықаралық нарығына шығуы үшін жағдайлар жасау;
- Білім мен ғылымның интеграциялық процесін нығайту мақсатында басқа ғылыми мекемелермен ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту;
- Ғылыми, әдістемелік және инновациялық саясаттағы мәртебені арттыру;
- Еліміздің ғылыми-техникалық дамуының басым салаларында даму стратегиясын енгізу және ғылыми-инновациялық жобаларды дайындау;
Қызметкерлер