Коммерцияландыру бөлімі

  • Бөлімнің негізгі мақсаттары:

    1. ғалымдардың ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызметі нәтижелерін коммерцияландыру;
    2. Қоғамның салалық бағыты мен өңірлік орналасуына сәйкес бәсекеге қабілетті, коммерциялық тұрғыдан перспективалы ғылыми әзірлемелерді іздеу және нарыққа ілгерілету;
    3. Қоғамда технологияларды коммерцияландыру идеясын кеңінен насихаттауға бағытталған ақпараттық қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ стартап-жобаларды құру мақсатында өндіріс, бизнес-құрылымдар, даму институттары, мемлекеттік кәсіпорындар мен инвесторлармен өзара қарым-қатынас жүйесін дамыту.

    Бөлімнің негізгі міндеттері:

    1. жобаларды қаржыландыратын операторлар мен әкімшілердің қолданыстағы талаптарына сәйкес коммерцияландыру жобаларын рәсімдеу, сүйемелдеу және мониторинг жүргізу;
    2. коммерцияландыруға арналған жобаларды іріктеу, сүйемелдеу және мониторингтеу, сондай-ақ стартап-компаниялар құруға байланысты коммерцияландыру жобаларын дайындау және іске асыру;
    3. Қоғамның зияткерлік меншігін дамыту;
    4. қорғалуға қабілетті ғылыми-техникалық әзірлемелерді іздеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау, Қоғамның зияткерлік меншік объектілерін қорғау;
    5. серіктестік байланыстар желісін кеңейту және шетелдік ғылыми-білім беру орталықтарымен, ұйымдармен, қорлармен және компаниялармен ынтымақтастықты тереңдету;
    6. білім беру қызметтері нарығындағы Қоғамның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ету.

    ЕРЕЖЕЛЕР

    ЖОБАЛАР