Жобалар
-
Жоба: «Turatalk» – қазақ тілін онлайн оқытуға арналған инновациялық платформа
Университет тарихында алғаш рет EdTech саласындағы ғылыми жобаны коммерцияландыруға арналған «Ғылым қоры» АҚ гранты жеңіп алынды. Грант иегері – қазақ тілін онлайн оқытуға арналған «Turatalk» инновациялық платформасы. Жоба қазақ тілін оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры, PhD Л.А. Ибраймова тарапынан коммерцияландыру офисі мен бизнес-серіктестің қолдауымен әзірленді.
Жоба аясында қазақ тілін қолжетімді әрі тиімді оқытуға бағытталған заманауи онлайн-платформа құрылады. Платформаның мазмұнын лингвистер, әдіскерлер және IT-мамандар әзірлеп, ол қазіргі білім беру талаптарына сай сапалы оқу контентін ұсынатын болады.


