6В01402 — Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау
Білім беру бағдарламасының мақсаты:
Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау саласындағы міндеттерді инновациялық білім беру технологиялар негізінде шеше алатын, шығармашыл және сыни ойлайтын, ынтымақтастық және коммуникативті дағдыларын дамыту деңгейі жоғары педагог мамандарды даярлау
Бағдары:
Тез өзгеретін әлемде басқаруға қабілетті педагогтарды дамытатын зияткерлік платформа.
Миссиясы:
Білім беру саласында еліміздің және әлемнің игілігі үшін озық білім мен құндылықтарды жасай, дамыта және тарата алатын көшбасшы ұстаздарды қалыптастыру.
Бағдарламалық мақсаты:
Университет Орталық Азиядағы білім саласындағы оқытудың, оқудың және зерттеудің инновациялық әдістерінің, сондай-ақ ауыл мектептеріндегі білім беруді дамытудың хабына айналуды мақсат етеді.
Құндылықтары:
Толық адам тұлғасы, өз ісіне адалдық және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік.
|
Білім беру бағдарламасының түрі |
Ағымдағы |
|
Білім беру бағдарламасының атауы |
6В01402 Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау |
|
Білім беру саласы |
6B01 Педагогикалық ғылымдар |
|
Даярлау бағыты |
6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау |
|
Білім беру бағдарламасының тобы |
В007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау |
1) Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда)
2) Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (Қарағанды)