• Кафедра туралы

    Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті жанындағы «Тарих» кафедрасы – университеттің іргетасы қаланған уақыттан бері үздіксіз қызмет етіп келе жатқан іргелі кафедралардың бірі. Қазіргі уақытта кафедраның Бағдарлама көшбасшысы тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Берік Темірханұлы Жұбанышов. Кафедраның білім беру бағдарламалары жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілген. 2025–2026 оқу жылында профессор-оқытушылар құрамының штат саны 22 адам болса, оқытушылардың ғылыми дәрежелілік көрсеткіші магистранттарды қоса есептегенде 74%-ды құрайды. Кафедрада 1 ғылым докторы, 10 тарих ғылымдарының кандидаты, 5 PhD докторы және 7 ғылым магистрі еңбек етеді. Кафедра құрамында т.ғ.д., профессор м.а. Л.Т. Қожакеева, т.ғ.к., доценттер Ж.Б. Аширбекова, Е.Т. Берлібай, А.М. Сманова, Қ.Қ. Жылқышыбаева, А.И. Исаева, т.ғ.к., қауымдастырылған профессорлар М.С. Мырзабеков, Б.Т. Жұбанышов, Ж.Қ. Ахметова, сондай-ақ PhD докторлар Л.А.Бисембаева, Г.О.Чаргынова, А.С.Сейсенбаева, С.Д.Саркулова, А.М.Конырова, аға оқытушы, магистрлер М.А.Қасымбекова, А.Д.Умбеталиева, Ж.А.Орынханова, С.Б.Әлібеков, оқытушы, магистрлер А.Д.Тастанова, А.Б.Мұқан сынды тәжірибелі мамандар қызмет атқарады. Кафедра 6В01601 – Тарих, 6В01602 – Тарих-дінтану, 6В01603 – Тарих және қоғамтану IP, 6В02201 – Тарих білім беру бағдарламалары бойынша халықаралық стандарттарға сай жоғары білікті мамандар даярлауда.

    Кафедраның жетістіктері:

    Кафедра оқытушылары білім беру және ғылым саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Атап айтқанда: Л.Т. Қожакеева, Ж.Б. Аширбекова және А.И. Исаева «Үздік оқытушы» грантының иегерлері атанды; Қ.Қ. Жылқышыбаева «Заманауи сабақ» атты VIII республикалық педагогикалық байқауда І орын иеленді; Б.Т. Жұбанышов «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды; Е.Т. Берлібай мен Л.А. Бисембаева «Ұстаз» орденімен наградталды. Сонымен қатар кафедра оқытушылары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі және басқа да ғылыми ұйымдардың құрмет грамоталары мен алғыс хаттарына ие болған.

    Академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар:

    Кафедра халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Қазіргі таңда Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Оңтүстік Кореяның жетекші жоғары оқу орындарымен академиялық ұтқырлық және бірлескен бағдарламалар бойынша келісімдер жасалған.Серіктес жоғары оқу орындарының қатарында: Омер Хелисдемир атындағы Нийде университеті; Селджук университеті;  Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті; Жүсіп Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университеті; Донгдук әйелдер университеті бар.  «Болашақ» бағдарламасы аясында А.Е. Абдиханова Түркия Республикасында тағылымдамадан өтті. Ал А.Д. Кожабекова мен А.Д. Умбеталиева University of Reading университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Қазіргі уақытта Селджук университеті мен 7М02202 – Тарихшы-зерттеуші білім беру бағдарламасы бойынша қос дипломды магистратура ашу жөнінде келіссөздер жүргізілуде.

    Ғылыми-зерттеу жұмыстары:

    Кафедра жанында білім алушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған: «Академик К.Н. Нұрпейіс атындағы» дәрісханасы;  «Ұлы Дала тарихы» ғылыми-зерттеу орталығы; «Жас тарихшы» ғылыми үйірмесі жұмыс істейді.  «Ұлы Дала тарихы» орталығы тарихи ақтаңдақтарды зерттеу, тарихи шындықты зерделеу және ғылыми нәтижелерді насихаттау бағытында қызмет атқарады.Сонымен қатар орталықта студенттер үшін көне шағатай тілін үйрету курстары ұйымдастырылған. «Жас тарихшы» үйірмесі аясында студенттер тарихи-мәдени ескерткіштерге ғылыми-танымдық экспедициялар жасап, зерттеу жұмыстарымен айналысады. Жыл сайын «Жас тарихшы» үйірмесінің мүшелері білім алушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, тарихи әдебиеттерді оқуды насихаттау және патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында студенттер арасында университетішілік «SWEET BOOK» тарихи кітап байқауын ұйымдастырады. Сонымен бірге кафедра ұйымдастыруымен академик Кеңес Нұрпейісұлы Нұрпейіс құрметіне арналған дәстүрлі «Нұрпейіс оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізіліп келеді.

    Дуалды білім беру және әдістемелік жұмыстар:

    Кафедрада дуалды білім беру жүйесі табысты жүзеге асырылуда. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен жасалған меморандум негізінде студенттер ғылыми практикадан өтіп, архив және кітапхана қорларымен жұмыс жасау арқылы зерттеу тәжірибесін қалыптастырады. Университеттің біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен оқытушылар Б.Т.Жұбанышов,  С.Т.Ыбышова, А.М.Конырова педагогтік кадрларды қайта даярлау бағдарламасы бойынша курстар өткізуде. Сонымен қатар Coursera платформасына кафедра оқытушылары Қ.Қ. Жылқышыбаева мен А.И. Исаеваның «Ғылыми зерттеулер әлемі» атты авторлық онлайн курсы енгізілді.

    Кафедра тек білім беру орталығы ғана емес, сонымен қатар инновациялық педагогикалық әдістерді әзірлейтін ғылыми-әдістемелік алаң ретінде де қалыптасып келеді. Соның бір дәлелі – Б.Т.Жұбанышовтың авторлығымен жарық көрген «Тарихи оқиғаларды талдаудың әдістері» атты әдістемелік нұсқаулық. Аталған еңбек бүгінгі таңда 5000-нан астам таралыммен басылып, мектеп мұғалімдері тарапынан кеңінен қолданылып келеді. Кафедра студенттері Назарбаев Зияткерлік мектептері және Республикалық физика-математика мектебі (РФМШ)  базаларында педагогикалық практикадан өтіп, заманауи оқыту әдістерін тәжірибеде қолдануда.

    Ғылыми жобалар:

    Кафедраның ғылыми-зерттеу бағыты – «Ұлы дала әйелдері: әлеуметтік-саяси үдерістердегі орны мен рөлі (ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейін)». Осы бағыт аясында: «Ұлы даланың әйелдері» энциклопедиялық басылымын әзірлеу;  қазақ қоғамындағы әйелдер тарихына арналған ақпараттық веб-сайт жасау жоспарлануда.

    Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ұйымдастырған ішкі ғылыми гранттық қаржыландыру конкурсы аясында М.С.Мырзабеков ұсынған «Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтық интеграциясын жүзеге асыруда Еуропалық Одақтың интеграциялық тәжірибесін қолданудың практикалық және теориялық маңызы»; Қ.Қ.Жылқышыбаева ұсынған «Қазақстан Республикасында тарихи білім беру жүйесі: тарихы, ретроспективасы және перспективасы» және Б.Т.Жұбанышов жетекшілік еткен «Орталық Азияның саяси тарихындағы қазақтардың рөлі мен ықпалы (XVI ғ. – XX ғ. бірінші ширегі)» атты ғылыми жобалар табысты аяқталып, зерттеу нәтижелері ғылыми айналымға енгізілді.

    Студенттердің жетістіктері:

    Кафедра студенттері республикалық ғылыми конкурстар мен олимпиадаларда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Атап айтқанда: 6В01601 – Тарих білім беру бағдарламасының студенті Ляззат Жанайева республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсында І дәрежелі диплом иеленді; XVII республикалық пәндік олимпиадада кафедра студенттері ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды; «Ең үздік студенттік топ – 2025» байқауында 6В01603 – Тарих және қоғамтану IP бағдарламасының студенттері жүлделі орындарға ие болды;  «Ғылым декадасы – 2026» аясындағы ғылыми-білім беру Hackathon байқауында І орын иеленді.

    Сонымен қатар студенттеріміз 2024–2025 оқу жылында университетішілік «Start-up Tomiris» жобасына қатысып, «QyzPU виртуалды тур» және «Tarikhmap платформасы» тақырыптарында екі жоба ұсынып, әрқайсысы 1 млн теңгеден грант иегері атанды. Әсіресе «Tarikhmap платформасы» жобасы аясында студенттер Қазақстан тарихын карта негізінде түсіндіретін цифрлық платформа әзірледі. Қазіргі таңда бұл жоба мектеп мұғалімдері тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, практикалық қолдануға сұраныс артып келеді.

    Миссия мен стратегия

     

    Қадрлық құрам

    Жүктеу...

    Байланыстар