6B01201 — Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Университет коды: 025
6B01201 — Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНА ӨТУ
Ақпарат
Бағдарлама паспорты
Құжаттар тізімі
Академ ұтқырлық

Білім беру бағдарламасының мақсаты:
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды трансформациялау жағдайында балалардың дамуын қамтамасыз етуге қабілетті көшбасшылық қасиеттерге, икемді дағдыларға ие, инновациялық қызметке дайын кәсіби құзыретті мамандарды даярлау.
Бағдары:
Тез өзгеретін әлемде басқаруға қабілетті педагогтарды дамытатын зияткерлік платформа.
Миссиясы:
Білім беру саласында еліміздің және әлемнің игілігі үшін озық білім мен құндылықтарды жасай, дамыта және тарата алатын көшбасшы ұстаздарды қалыптастыру.
Бағдарламалық мақсаты:
Университет Орталық Азиядағы білім саласындағы оқытудың, оқудың және зерттеудің инновациялық әдістерінің, сондай-ақ ауыл мектептеріндегі білім беруді дамытудың хабына айналуды мақсат етеді.
Құндылықтары:
Толық адам тұлғасы, өз ісіне адалдық және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік.

Білім беру бағдарламасының түрі: Ағымдағы
Білім беру бағдарламасының атауы: 6В01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Білім беру саласы: 6B01 Педагогикалық ғылымдар
Даярлау бағыты: 6В012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
Білім беру бағдарламасының тобы: В002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

  1. Миссисипи алқабы мемлекеттік университеті (АҚШ);
  2. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті (Ақтөбе);
  3. Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (Қарағанды);
  4. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті (Қызылорда); 
  5. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті (Өскемен);
  6. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана)