АЛМАТЫ. 11 СӘУІР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті республикалық «IQ-АЛАМАН 2022» интеллектуалды сайысына қатысуға шақырады.

Университет Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, Информатика және қолданбалы математика кафедрасының ұйымдастыруымен өтетін білім додасы ағымдағы жылдың 22 сәуірінде «В011-Информатика мұғалімдерін даярлау» және «В057 Ақпараттық технологиялар» білім беру бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындар студенттері арасында өткізілмек.

Қазақ тілінде өтетін сайыстың басты мақсаты – талантты студенттерді анықтаумен қатар, шығармашылық қабілеттерін ашып, қатысушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыру, ғылымға қызығушылықтарын арттыру.

Студенттер сайыста команда құрып 4 кезеңнен өтеді: 1) «Magic square» 2) «Кім жылдам?» 3) «Детектив» 4) «Smart-технология»

Сайысқа тіркелу 18 сәуірге дейін ipm@qyzpu.edu.kz корпоративті поштасы немесе https://forms.gle/rLAbRbuoVJ6dzfjc6 сілтемесі бойынша тіркеу формасын жіберу арқылы жүргізіледі.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Гоголя көшесі 114, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Бас оқу ғимараты, Л1.

Қосымша сұрақтар бойынша:

Рсалина Лаззат Азретовна, +7 778 926 97 88, rsalina.0@qyzpu.edu.kz

Алимбаева Жадыра Нурдаулетовна, +7 707 755 6393, zhadyralimbay@gmail.com

Еркебай Айдана Қанбарқызы, +7 778 284 11 36, kanbarovna@gmail.com

Сайыс бағдарламасы, тіркеу формасы және кезеңдер туралы толық мәліметті төмендегі ақпараттық хаттан ала аласыздар.

  Коммуникация және маркетинг департаменті  

  Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

  e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz