АЛМАТЫ. 15 СӘУІР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 26-27 сәуірде Білім және ғылым министрлігі бекіткен іс - шаралар шеңберінде Кәсіптік оқыту білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің ХIV Республикалық пәндік олимпиада өткізеді.

Олимпиадаға Қазақстан жоғары оқу орындарынан 6B01404 (5B012000) – Кәсіптік оқыту мамандығы бойынша 3 және 4 курстан 4 студентке дейін қатыса алады.

Онлайн форматта өтетін пәндік олимпиада қазақ және орыс тілдерінде өту жоспарланған.

Шара бағдарламасы бойынша қатысушылар 3 кезеңнен өтетін болады:

  • І кезең - теориялық,  тестілеу кезеңі. Бұл кезеңде студенттер "Кәсіптік оқытудағы заманауи технологиялар" және "Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі" пәндері бойынша арнайы дайындалған сурақтарға жауап береді.
  • II кезең – практикалық тапсырмаларды орындау. Сайыскерлер ұйымдастырушылар даярлаған тапсырмалар ішінен біреуін таңдап, берілген уақыт ішінде белгіленген платформаға жүктеп үлгерулері тиіс. 
  • III кезең – ғылыми жобаны қорғау. Ғылыми жобаны қорғау тікелей онлайн - бейнетрансляция арқылы арнай комиссия мүшелерінің қабылдауымен жүргізіледі.

Тіркеу құжаттары ұйымдастыру комитетінің nurziya-r@mail.ru немесе lei_84@mail.ru электрондық поштасына 2022 жылдың 22 сәуіріне дейін жіберілуі қажет.

Олимпиаданың барлық іс-шаралары ZOOM платформасында өтеді. Конференция идентификаторы:  833 5969 8822, Код: 3030

Қажетті құжаттар тізімін, толығырақ олимпиада бағдарламасы мен шарттарын төмендегі ақпараттық хаттан біле аласыздар.

  Коммуникация және маркетинг департаменті  

  Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

  e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz