АЛМАТЫ. 18 мамыр. Баспасөз орталығы. Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті, Жаратылыстану Институтының ұйымдастыруымен Алматы қаласы химия, биология, география пәндері бойынша мектептердің 11-сыныптары мен колледждердің бітіруші курс студент қыздары арасында Республикалық пәндік олимпиада болып өтті. 

Олимпиаданың мақсаты – білім алушы дарынды және талантты қыздарды анықтау, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту.

- шығармашылық қабілеттерін ашу, ең дарынды және дарынды оқушыларды іріктеу және қолдау;

- оқушыларды жаратылыстану ғылымдарының ғылыми өзекті мәселелерін шешуге тарту;

- дарынды жастарды қолдау, оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету;

- жаратылыстану ғылымдарына қызығушылықты дамыту.

Олимпиада  нәтижесі  бойынша жеңіске  жеткен жеңімпаздар тізімі:

Биология пәні бойынша:

  • І орын: №24 мектеп-лицей, Рыскулбек Гауһар Ермуханқызы
  • ІІ орын: №24 мектеп-лицей Қыраубек Альбина Ділдаханқызы
  • ІІІ орын: №49 орта мектеп, Батырхан Адина Дарканқызы

География пәні бойынша:

  • І орын: №168 мектеп-гимназияның  оқушысы Абдулда Қорлан
  • ІІ орын: №202 мектеп-гимназияның  оқушысы Тиреуова Ақниет Саясатқызы
  • ІІІ орын: №202 мектеп-гимназияның  оқушысы Төртқара Айым Болатбекқызы

Химия пәні бойынша:

  • І орын: С.Байжанов атындағы №162 орта мектеп-гимназияның  оқушысы Асқарова Айым Жашыбекқызы
  • ІІ орын: С.Байжанов атындағы №162 орта мектеп-гимназияның  оқушысы  Бекмұратова Ардақ Бекжанқызы
  • ІІІ орын: М.Мәметова атындағы білім беретін жалпы орта мектептің  оқушысы   Сулейменова Айнұр Асқарқызы

МЕДИА

  Коммуникация және маркетинг департаменті   

  Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05                 

  e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz