Адамзаттың ақылманына айналған Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай әлемі» атты республикалық студенттік өнер фестивалі өтеді.

Жалпыұлттық байқау «Абайдың өлеңдері», «Абайдың қара сөздері», «Абай әндері», «Абай – әлем тілдерінде» және «Абай әлемі сурет өнерінде» кезеңдері бойынша ұйымдастырылмақ.

Фестивальға қатысу үшін іріктеу кезеңі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 30-31 қазанда өткізіледі. Аталған аталымдар бойынша ұсынылған бейне түсірілімдер a.bitanova@mail.ru электронды поштасына 30 қазан күні сағат 15:00-ге дейін жіберілуі тиіс.

Іріктеу кезеңінің әрбір номинациясы бойынша жеңімпаздар 2020 жылдың 4-5 желтоқсан күндері аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өтетін «Абай әлемі» жалпыұлттық студенттік өнер фестивалінің ақтық кезеңіне қатысады.

Байқаудың жүлде қоры:

Бірінші орын – 200 000 теңге.

Екінші орын – 100 000 теңге.

Үшінші орын – 75 000 теңге.

Дипломант – 50 000 теңге.

«Абай жүлдесі» номинациясы – 50 000 теңге.

Ынталандыру сыйлығы – 30 000 теңге.

«Абай әлемі» жалпыұлттық студенттік өнер фестивалі туралы толығырақ мәліметпен мына жерден таныса аласыз.

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі