СДУ проректорымен ақпараттық сессия болып өтті
-
20 желтоқсан, 2022
![СДУ проректорымен ақпараттық сессия болып өтті]()
2022 жылдың 20 желтоқсанында университетімізге Сүлеймен Демирел атындағы Университеттің ғылым жөніндегі проректоры Қайрат Молдашевпен бірге стратегиялық сессия болып өтті.
Қайрат Молдашев «Стратегиялық жоспарлау: теория және практика» атты баяндамасында стратегиялық жоспарлау саласындағы жеке тәжірибесімен және зерттеулерімен бөлісті. Сессия аясында жекеменшік және мемлекеттік университеттердің стратегиялық бағыттарын дамыту тәсілдері талқыланды. Тәуекелдер, мүмкіндіктер және университеттердің даму тенденцияларын енгізу туралы сұрақтар көтерілді.
Бөлісу:


