2020 жылғы 2 – 6 қараша аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

 

02.11.2020

– 2020 жылғы 26 – 30 қазан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

 

03.11.2020

– «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын тағайындау қағидасына сәйкес Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушылары арасында байқаудың алғашқы кезеңі өтеді.

***

– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің ұйытқы болуымен «Ғылым мен ғалым» жобасы бастау алды.

***

– «Ғылыми мақалаларды жобалау бойынша лайфхактар». Осындай атаумен 3 қараша күні сағат 11:00-де Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде семинар өтеді.

 

05.11.2020

– «Жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын реформалау: теориясы мен практикасы». Осындай атаумен 5 қараша күні сағат 11:00-де Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде семинар өтеді.

***

– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде бастау алған «UstazTalk» жобасы аясындағы үшінші кездесу 6 қараша күні сағат 19:00-де өтеді.

***

– Адамзаттың ақылманына айналған Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай әлемі» атты республикалық студенттік өнер фестиваліне Қыздар университетінің атынан қатысатын студенттер анықталды.

 

06.11.2020

– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Tomiris» би ансамблі Испанияда өткен «Online Wave» халықаралық би фестивалінің жеңімпазы атанды.

***

– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Тарих және шетел тілдері институтының бастамасымен тұңғыш рет мектеп оқушылары арасында «Digital Lady» атты республикалық пәндік олимпиадасы өтеді.

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі