Бүгін «Ғылым  айы  2023» аясында  университетімізде “ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ” атты ғылыми-тәжірибелік конференция шеңберіндегі ІІІ Халықаралық жиын өтті. Жиында E-R Talks (Education and Research Talks)  пленарлық отырысы болды.

                                                                           

Педагогтардың тәжірибесі арқылы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық«Lesson Study» педагогикалық тәсілі бойынша келесідей тақырыптарда студенттеріміз өз зерттеулерін қорғады: 

  • «Биология сабағында проблемалық оқыту технологиясын қолдану тиімділігін зерттеу»; 
  • «Физика пәні бойынша эксперименттік жұмыстар арқылы мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру»;
  • «PYTHON ортасында массивтермен жұмыс істеуде “графикалық органайзер” әдісін қолдану арқылы 9-сынып оқушыларының қызығушылығын қалай арттыруға болады?»;
  • «Бастауыш сынып оқушыларының кері байланыс тәсілі арқылы оқу сапасын жақсарту»;
  • «Ағылшын тілі сабағында дебат техникасы арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын жетілдіру»; 

                                                                           

Зерттеу барысында Алматы қаласының мектептерін мысалға алып постер қорғаған жаңашыл студенттеріміздің жұмысын эксперттік кеңес мүшесі Айгүл Исаева  және отырыс модераторы Басқарма мүшесі - Ғылыми жұмыстар және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Закир Джумакулов бағалады.