2023 жылдың  27 наурызында Қазақ ұлттық хореография академиясында Әбіров Дәурен Тастанбекұлының 100 жылдығына арналған 6В02102-Хореография білім  беру бағдарламасы  бойынша студенттер арасында Республикалық пәндік олимпиада өтті.

Олимпиаданың екінші кезеңінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Томирис» командасы 2-орынға ие болды.

«Томирис» командасының мүшелері 3 курс студенті Кабылова Алуа, 2 курс студенттері  Калымова Асылайым, Бегимкулова Дильфуза,  Конурбаева Әдинаны және  жетекшілері: доктор PhD Кусанова Анипа Ерланқызы мен  магистр, аға оқытушы Бәкірова Самал Әбілпатташқызын  жүлделі  орындарымен  құттықтаймыз!