Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрлігінің  олимпиадаларды өткізу кестесіне сәйкес 2023 жылдың сәуір айының 28-жұлдызында Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан  университетінде 6В01901 – «Дефектология» білім беру бағдарламасы бойынша XV республикалық пәндік олимпиадасы өтті.

Олимпиада 3 кезеңде өткізілді:

  • 1 кезең: Топтарды таныстыру (Визитка).
  • 2-кезең: «Менің қоғамдық бастамам» тақырыбында әлеуметтік жобаның презентациясын қорғау.

Әлеуметтік жоба – мүмкіндігі шектеулі жандардың өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған және жоба түрінде ресімделген студент жастардың іске асырылмаған (немесе іске асырылып жатқан) бастамасының сипаттамасы.

Мақсаты: студенттердің ғылыми-зерттеу жетістіктерін көрсету және насихаттау, ерекше білім беру қажеттіліктері мен мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өзекті мәселелерін шешуде студенттердің кәсіби және әлеуметтік маңызды әлеуетін белсендіру.

  • 3-ші кезең. Тестілеу.

Мақсаты: «Арнайы педагогика», «Арнайы психология» және «Инклюзивті білім беру» пәндері бойынша теориялық білім деңгейін анықтау.

Олимпиадаға университетіміздің 6В01901 – «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 3 курс (бакалавриат) студенттерінен құралған «Жұлдыз көпір»  командасы қатысып, І орынды иеленді. Топ құрамы: Әбдірахманова Несібелі Мейрамханқызы, Дюсембекова Дильназ Асхатқызы, Мыраш Гаухар, Тохтарбек Мәдина Милиятқызы. Топ жетекшісі: білім беру бағдарламасының, көшбасшысы, PhD, қауымдастырылған профессор -  Мажинов Багдат Молдахметович. Өткізілген додаға тобымыздың тыңғылықты дайындалып, бірінші орын алуына жан-жақты қолдау көрсетілгені үшін университетіміздің Ректоры Қанай Гүлмира Әмірханқызына Арнайы педагогика кафедрасының ұжымы атынан алғысымыз білдіреміз!