Университетіміздің студенттерін жазғы каникул кезінде тәлімгер ретінде жұмысқа орналастыру, сонымен қатар балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметін кеңінен насихаттау мақсатында 2023 жылдың 16 мамырында Парасат конференц- залында «Тау-Жанашар» балалардың белсенді демалу орталығының Оқу-әдістемелік бөлімі «Ойынның тарихы және ойын технологиясы» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.

Кездесу барысында «Тау-Жанашар» орталығы директоры Құдабаева Мира Ерланқызы  педагогикалық шеберліктің, бала денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жауапкершіліктің, тәлімгерлік мамандықты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Тәлімгерлік сабағында  «Тау-Жанашар» орталығының  әдіскері Еремина Марина Евгеньевна студенттерге өз тәжірибесімен және ойын тәсілдерімен бөліссе, лагерь тәлімгерлері ойын технологиясын көрсетті.

Студенттер кіші және үлкен топтарда тәжірибе жүзінде тәлімгерлік дағдыларының әдістерін үйренді.

                                                                                                                                                   МЕДИА