Гүлмира Қанай студенттер қоныстанған хостелдердің тазалығы мен өрт қауіпсіздігіне қатысты шараларын тексеріп шықты.
Қазіргі кезде хостелдерде 3-4 курс студенттері тұрып жатыр. Айта кетейік, QYZPU студенттерді тұрғынжаймен қамтамасыз ету мақсатында Алматыдағы 9 хостелмен меморандумға қол қойған.
