АҚШ-қа академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқуға кеткен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті Қарақат Орынбаева Миссисипиден оқытушыларын кәсіби мерекесімен құттықтап, видео жолдады.   

3 курс студенті сүйікті ұстаздарына зор денсаулық пен әлемдегі барлық жақсылықты тілеген.

Естеріңізге салсақ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қарақат Орынбаеваны АҚШ-қа тамыз айының соңында арнайы бағдарлама аясында жіберген болатын. Физика мамандығының 3 курс студенті Миссисипи Алқабының мемлекеттік университетінде білім алып жүр.

Қыздар педагогикалық университеті Қытайға да шет тілі: екі шет тілі мамандығының 10 студентін аттандырды. Олар Хубэй университетінде оқып жатыр. Сондай-ақ Литвадағы Вильнюс  университетінде осы мамандықтың 2 курс магистранты Сұлу Аралбаева да академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқуда. Университет шет елдегі студенттерімен әрдайым байланыста. Хабарласып, хал-жағдайларын тұрақты түрде сұрап тұрады.