«Білім берудің философиясы» курсы аясындағы алғашқы жиын 27 қараша күні сағат 19:00-де өтеді.
Қыздар университетінің YouTube желісіндегі ресми арнасында ұйымдастырылатын шараның қонағы – «МИСиС» ғылыми-зерттеу техникалық университетінің EDCRUNCH UNIVERSITY орталығының директоры, EDCRUNCH конференциясының негізін құрылтайшысы және бағдарламалық директоры Нұрлан Қиясов.
Айта кетейік, университеттің оқу үдерісіне енгізілген курстың мақсаты – мұғалім мамандарын даярлайтын оқу орны түлектерінің білім берудегі кәсіби құзіреттілігін жан-жақты дамыту, біліктілік әлеуетін арттыру.
Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі
