QYZPU студенті республикалық ғылыми зерттеулер байқауында екінші орынды иеленді
-
07 қараша, 2023
![QYZPU студенті республикалық ғылыми зерттеулер байқауында екінші орынды иеленді]()
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті Аружан Бозтаева Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған ғылыми зерттеу жұмыстар байқауында екінші орынды иеленді. Байқау Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен болатын. 2 курс студенті ғылыми жұмысында Н.В. Гогольдің «Шинель» повесіндегі кішкентай адамның бейнесіне және А.П. Чеховтың «Шенеуніктің өлімі» әңгімесіне салыстырмалы түрде талдау жасаған.
Нәтижесінде конкурстық комиссияның шешімімен «6В01705 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» бағыты бойынша Аружан Бозтаева министрліктің IІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
Жас зерттеуші Аружан Бозтаеваның ғылыми жетекшісі – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессордың м.а. Ғибадат Орынханова.
Бөлісу:


