Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 2 курс магистранты Жанбота Ерзат халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында постерлік баяндамалар сайысында екінші орынды иеленді. Байқау Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен болатын. 2 курс магистранты Біртұтас педагогикалық үрдісте инновациялық әдістер мен формаларды жүзеге асыру жолдарына талдау жасаған.
Нәтижесінде конкурстық комиссияның шешімімен Жанбота Ерзат IІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
Жас зерттеуші Жанбота Ерзаттың ғылыми жетекшісі – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Кулбаршын Метербаева.
