Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде мамандандырылған аккредиттеудің 2-кезеңі бойынша IAAR сыртқы сараптау комиссиясының жұмысы басталды. 

Мамандандырылған аккредиттеудің 2-ші кезеңі 18 білім беру бағдарламасы (БББ) бойынша жүргізіледі:

  • 6B02201 Тарих;
  • 6B01601 Тарих;
  • 6B01405 Құқық негіздері және экономика;
  • 6B01407 Құқық негіздері, экономика және кәсіпкерлік;
  • 6B11102 Мәдени-тынығу жұмысы;
  • 6B02102 Хореография;
  • 6B01401 Музыкалық білім;
  • 7M01401 Музыкалық білім;
  • 6B01404 Кәсіптік оқыту;
  • 6B01402 Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау;
  • 6B03101 Социология;
  • 7M03101 Социология;
  • 6B11401 Әлеуметтік жұмыс;
  • 6B05302 Физика;
  • 6B01406 Кәсіптік оқыту және кәсіпкерлік;
  • 6B01202 Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі және логопеді
  • 7М01103 (IP) - Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық;
  • 7M01104 (IP)  Білім берудегі зерттеулер.

14 наурызда сыртқы сараптама комиссиясы Басқарма Төрағасы – ректор Қанай Гүлмира Әмірханқызы, Басқарма мүшелері – проректорлары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, институт директорлары, білім беру бағдарламаларының көшбасшыларымен кездесті. Сондай-ақ үш күн ішінде аккредиттеуден өтетін білім беру бағдарламаларының профессор-оқытушылар құрамы, білім алушылары, түлектері және жұмыс берушілерімен кездесу өтеді. Сонымен қатар студенттер арасында білім сапасы бойынша сауалнама жүргізіледі.

Комиссия жұмысы 14-16 наурыз аралығында жүзеге асырылады. Сыртқы сараптама комиссиясының жұмысына табыс, білім беру бағдарламаларына аккредиттеуден сәтті өтуін тілейміз!