26 сәуірде "Тұрақты даму" студенттік клубының белсенділері қоғамдық белсенділермен бірлесіп, тұрақты дамудың 5 мақсаты - гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту шеңберінде маңызды іс-шара өткізді.

Танымдық фильм көрсетілімі гендерлік мәселелер мен теңдікке қатысты мәселелерге тереңірек үңілуге мүмкіндік берді. Фильмің соңында белсенділер өз әсерлерімен және ойларымен бөлісіп, талқылауға кірісті.

Бұл іс-шара гендерлік теңдік үшін күрестің маңыздылығын атап қана қоймай, әділетті және инклюзивті қоғам құру жолындағы қадам болды.