2025 жылғы 17 қазан күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Филология институтында дәстүрлі «Мисс Филология – 2025» байқауы өтті. Сұлулық пен парасатты, өнер мен білімді ұштастырған бұл шара институт өміріндегі ең жарқын мәдени оқиғалардың бірі болды.

Байқаудың басты мақсаты – студент қыздардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, эстетикалық талғамы мен сахна мәдениетін дамыту, сонымен қатар ең өнерлі, ең білімді әрі ең сымбатты филолог аруды анықтау еді.

Дәстүрлі додаға институттың 1-курс студенттері қатысып, өздерін түрлі қырынан таныта білді. Қатысушылар келесі кезеңдер бойынша бақ сынады:

  • Таныстыру – өзін және тобын шығармашылық тұрғыда таныстыру;
  • Интеллектуалдық тур – логикалық және мәдени сұрақтарға жауап беру;
  • Шығармашылық өнер көрсету – ән айту, би билеу, өлең оқу немесе сахналық көрініс қою;
  • Сәндік дефиле – ұлттық және кешкі киім үлгілерін көрсету.

Төрт түрлі бағытта сынға түскен арулардың арасынан Жұмажан Назерке Мұратқызы топ жарып, «Мисс Филология – 2025» атағына ие болды. Ал Шектибаева Құралай Генжебайқызы 2 орын, Жазылбек Ажар Мұратқызы 3 орын иеленді. Қазылар алқасы қатысушылардың таланты мен сахнадағы өзіндік болмысын жоғары бағалап, жеңімпазға арнайы тәж бен диплом табыстады. Сонымен қатар, ерекше қабілетімен көзге түскен студенттер түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй мен шабыт сыйлады.