АЛМАТЫ. 18 қаңтар. Баспасөз орталығы – 2021 жылғы 11 – 15 қаңтар аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

 

11.01.2021

– Бүгін сағат 12:00-де көктемгі семестр кезінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде білім алатын студенттер үшін жатақханаға орналасу мен тамақтану мәселелері бойынша арнайы кездесу өтеді.

*****

– Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жоғары мектеп пен институттарының 2020 жылдың төртінші тоқсанындағы рейтингісі жарияланды.

*****

– Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті кафедраларының 2020 жылдың төртінші тоқсанындағы рейтингісі жарияланды.

*****

– Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті оқытушыларының 2020 жылдың төртінші тоқсанындағы рейтингісі жарияланды.

 

12.01.2021

– 2020 жылдың төртінші тоқсанында қазақстандық және шетелдік ғылыми басылымдарда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті профессор-оқытушыларының 413 мақаласы жарық көрді.

*****

– 2020 жылдың төртінші тоқсанында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ғалымдарының 16 монография мен 11 оқулығы жарық көрді.

*****

– 2020 жылдың төртінші тоқсанында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 84 студенті ғылыми зерттеу жұмысымен айналысып, стартап жобалар байқауы мен пәндік олимпиадаларға қатысты.

 

13.01.2021

– 14 қаңтар күні сағат 15:00-де Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова көктемгі семестрді ұйымдастыру бойынша оқу орны білім алушыларымен онлайн форматта кездесу өткізеді.

 

15.01.2021

– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бір топ оқытушысы авторлық куәліктерге ие болды.

*****

– 2020-2021 оқу жылының қысқы сессия қорытындысымен бакалавриат бойынша босаған мемлекеттік білім гранттарына үміткерлер тізімі.

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com