АЛМАТЫ. 11 ақпан. Баспасөз орталығы – Өнертабыс – қоғам дамуының қозғаушы күші, ғылыми әлеуетті арттырудың алғышарты. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мұғалім кадрларын даярлаумен қатар, оқу орны ғалымдарының ғылыми зерттеу жұмысымен айналысуына да мүмкіндік береді.

Соның нақты нәтижесі – өнертабыс патенттері мен авторлық куәліктер. 2020 жылы университет оқытушылары мен ғалымдары 40 патентке қол жеткізді.

Сараптама нәтижесі:

• 1-орын – Филология институты (11);

• 2-орын – Физика, математика, цифрлық технология жоғары мектебі (10);

• 3-орын – Педагогика және психология жоғары мектебі (9);

• 4-орын – Тарих және шетел тілдері институты (5);

• 5-орын – Жаратылыстану институты (3);

• 6-орын – Өнер және менеджмент институты (2).

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com