НҰР-СҰЛТАН. 15 ақпан. Баспасөз орталығы – Жастар сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқытумен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Мәжілісте Nur Otan партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін іске асыруға арналған талқылау кезінде Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті.

– Жастардың әлеуетін іске асыру мақсатында олардың білім алуы, жұмыс істеп, баспаналы болуы үшін, сондай-ақ елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуы үшін жағдай жасалатын болады, – деді А. Мамин.

Осы орайда ол колледждерде тегін оқыту мүмкіндігі туралы айтты.

– Жастар сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқытумен қамтамасыз етіледі. Биыл тегін оқу мүмкіндігі 20 мың адамға беріледі, кейін жыл сайын квота ұлғайтылып, 2025 жылы 50 мыңға жеткізіледі, – деді Үкімет басшысы.

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com