Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде инклюзивті білім беру саласының халықаралық сарапшысы, “All About SEMH” және “Behaving Together” кітаптарының авторы Сара Джонсон (Sarah Johnson) қатысқан ашық кездесу өтті.

Сара Джонсон – әлеуметтік-эмоциялық және психикалық денсаулық (SEMH) бағытында әлемнің түрлі елдерінің Білім министрліктерімен бірлесе жұмыс істейтін халықаралық кеңесші, инклюзивті білім беруді дамыту ісінде кеңінен танылған маман.

Кездесу барысында сарапшы “All about Social Emotional and Mental Health” тақырыбы аясында SEMH ұғымының маңыздылығына тоқталып, оқыту процесінде оқушылардың эмоциялық әл-ауқатын қолдау мен мінез-құлықты реттеу әдістерінің рөлін атап өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар сарапшымен еркін форматта пікір алмасып, инклюзивті білім берудің заманауи тәсілдері мен халықаралық тәжірибесі жөнінде сұрақтар қойды. Кездесуге университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері белсенді қатысты.