2025 жылғы 20 қазан күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде жасанды интеллект дәуіріндегі білім беру тақырыбына арналған халықаралық ғылыми-әдістемелік уоркшоп өтті.

Іс-шараға Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері – профессор Саймон Томпсон, Сассекс университетінің (University of Sussex) халықаралық істер жөніндегі проректордың орынбасары және Білім беру және әлеуметтік жұмыс мектебінің уақытша басшысының орынбасары, сондай-ақ қауымдастырылған профессор Кит Перера, Білім беру бөлімінің басшысы қатысты.

Шетелдік сарапшылар QyzPU студенттері мен профессор-оқытушылар құрамына арналған “What professional knowledge and pedagogies do educators need for the age of artificial intelligence?” тақырыбында дәріс өтіп, білім беру жүйесіндегі заманауи үрдістер мен инновациялық тәсілдер жайында өз тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу барысында жасанды интеллекттің қазіргі білім беру жүйесіне әсері, болашақ педагогтардың кәсіби даярлығы, сондай-ақ жаңа технологиялар дәуірінде педагогикалық әдістер мен білім мазмұнына қойылатын жаңа талаптар талқыланды.

Уоркшоп барысында қатысушылар өзекті сұрақтар қойып, білім беру саласындағы жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мен тәуекелдері туралы пікір алмасты. Іс-шара педагогикалық инновациялар мен халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналды.