Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің №4 студенттер үйінде «Эмоциялық ахуалды жақсарту» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.
Іс-шараны Менталды денсаулықты дамыту орталығының психологтары Назерке Есенаманқызы мен Ақбота Нұрланқызы жүргізді.
Тренингтің негізгі мақсаты – студенттердің эмоционалды жағдайын жақсарту, стресс деңгейін төмендету және эмоционалды тұрақтылықты нығайту болды.
Шара барысында қатысушылар өз эмоцияларын түсіну мен басқару тәсілдерін үйреніп, түрлі психологиялық ойындар мен тәжірибелік жаттығулар орындады.
Психологтар қатысушыларға эмоцияларды тиімді басқару, ішкі үйлесімділікті қалыптастыру және жағымды эмоционалды ахуал орнату жолдары бойынша пайдалы кеңестер берді.
Аталған іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі – ТДМ 3 «Денсаулық және амандық» бағыты аясында жүзеге асырылды.
