Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Филология институты, Практикалық шетел тілі кафедрасының ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орай “The Spirit of Freedom – Тәуелсіз елдің рухы” атты мерекелік шара өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Республика күніне орай ел тарихын, мәдениетін және тәуелсіздік рухын дәріптеу, жастар бойында отансүйгіштік пен патриоттық сезімді қалыптастыру болды.

Кеш барысында студенттер ән мен күй, би мен поэзия, театрландырылған көрініс және танымдық викторина арқылы Тәуелсіз Қазақстанның өткені мен бүгініне шолу жасады. Мерекелік бағдарлама қазақ және ағылшын тілдерінде жүргізіліп, көптілді ортада ұлттық бірегейлікті дәріптеудің тамаша үлгісін көрсетті.

Шараның шарықтау шегінде барлық қатысушылар бірігіп “Атамекен” әнін орындап, елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін паш етті.

“The Spirit of Freedom – Тәуелсіз елдің рухы” атты мерекелік кеш – өнер мен патриотизм тоғысқан, жастардың рухын көтеріп, елдік бірлікті дәріптеген ерекше рухани шара болды.