PhD докторанттарға арналған интенсивті курстың «Зерттеу дизайны және ғылыми зерттеу әдістері» атты кезекті модулі сәтті аяқталды. Бағдарлама барысында қатысушылар заманауи зерттеу дағдыларын меңгеріп, теория мен тәжірибені ұштастыра алды.
Курс бағдарламасы тәжірибелі мамандардың дәрістерін қамтыды:
- Айсұлу Молдабекова, PhD, ҚР Ғылым комитеті Экономика институты «Zertteu LAB» зертханасының меңгерушісі, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері – «Зерттеу дизайнын және құралдарын жасау»;
- Алия Задаханова, Интернационалдандыру орталығының басшысы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі – «Эмпирикалық зерттеулер және зерттеу синтезі»;
- Лира Әбділдабекқызы Ибраймова, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а. – «Ғылым және тайм-менеджмент»;
- Анар Мұхтарова, PhD, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Ғылыми-техникалық ынтымақтастық орталығының басшысы – «Аралас әдістер» тақырыбында тәжірибелерімен бөлісті.
Филология институтының 1-курс докторанты Мөлдір Тазабекқызы модуль туралы өз пікірін білдірді:
«Курс барысында халықаралық стандарттарға сай академиялық жазылым негіздерін және зерттеу базасымен жұмыс істеуді үйрендік. Бұл – ғылым әлеміне жасаған алғашқы қадамдарымыздың бірі. Алдағы уақытта осы бағытта өз зерттеу жұмыстарымызды жалғастырамыз деп сенемін. Әр спикер өз саласының кәсіби маманы болғандықтан, семинарлар өте мазмұнды өтті. Маған әсіресе аралас әдістер мен зерттеу синтезіне қатысты практикалық мысалдар ерекше әсер қалдырды. Осындай курстар докторанттарға ғылыми жұмысты жаңа деңгейде жүргізуге мотивация береді деп ойлаймын », – деді ол.
Интенсив Тұрақты дамудың 4-ші мақсаты – «Сапалы білім беру» бағыты аясында ұйымдастырылды. Курс PhD докторанттардың зерттеу мәдениетін дамытуға және ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған.
