Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде тіл үйрету саласындағы жаңа әдістер мен цифрлық шешімдерге арналған конференция өтті. Іс-шара DP23692214 «Turatalk: Қазақ тілін онлайн оқытуға арналған инновациялық платформа» жобасы аясында ұйымдастырылды.
«Тілді инновациялық оқытудың экожүйесі: цифрлық платформалардың жаңа мүмкіндіктері» атты конференцияда заманауи EdTech бағыттары, қазақ тілін онлайн оқытудың тиімді тәсілдері және тіл үйрету экожүйесін жетілдіру тетіктері талқыланды.
Шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, білім беру саласының сарапшылары, EdTech мамандары мен жас зерттеушілер қатысты.
Конференция барысында қатысушылар Turatalk жобасының қазіргі нәтижелерімен танысып, онлайн тіл оқыту саласындағы инновациялық тәжірибелерімен бөлісті. Жоба аясында әзірленіп жатқан цифрлық платформа қазақ тілін заманауи әдістермен үйретуге және оқу процесін барынша қолжетімді етуге бағытталған.
