2025 жылдың 12 қарашасында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты мен Тарих кафедрасы, «Жас тарихшы» үйірмесінің ұйымдастыруымен белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Берекет Кәрібаевтың қатысуымен қонақ дәріс өтті. Дәріс «Қазақ хандығы – ұлттық мемлекетіміздің негізі» тақырыбына арналды.

БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4 бағыты – «Сапалы білім беру» аясында ұйымдастырылған бұл кездесудің басты мақсаты – студенттердің тарихи санасын қалыптастыру, кәсіби құзыреттілігін арттыру және ғылыми дүниетанымын кеңейту болды.

Дәріс барысында профессор Берекет Кәрібаев Қазақ хандығының қалыптасуы мен дамуы, оның ұлттық мемлекеттіліктің бастау көзі ретіндегі тарихи рөлі туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар, заманауи зерттеу әдістері мен жаңа дереккөздерге сүйенген ғылыми тұжырымдар ұсынылды.

Іс-шараға институттың профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер, жас зерттеушілер мен тарих саласына қызығушылық танытқан тыңдаушылар қатысты. Қатысушылар дәріс барысында көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ғалыммен еркін пікір алмасты.