Университетімізде ерекше қонақ – Жұмабек Ташеновтың келіні Фатима Ташенова болып, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Ташенов жайлы кітапты университетке тарту етті.

Кездесуде Басқарма Төрағасы – Ректор міндетін атқарушы Сәбит Суатай Фатима Ташеноваға алғыс білдіріп,  «Университет дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

Фатима Ташенова университетке жылы лебізін білдіріп, қуанышын жеткізді:

«Университеттің беделі әрдайым биік болсын. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті жұлдыздай жарқырай берсін. Қыздарымыз білімді, рухты болсын», – деді ол.

Айта кетейік, Жұмабек Ташенов еліміздің аумақтық тұтастығын сақтауға елеулі еңбек сіңірген қайсар тұлға. Ата-баба аманатына адалдығымен, жерін жатқа беруге қарсы күресімен, өз еліне адал азаматтығымен есте қалды.

Бұл тарихи кездесу университеттің рухани құндылықтарын сақтау мен ұрпаққа өнеге көрсету бағытындағы маңызды оқиға ретінде есте қалды.