15 қараша – Қаржыгерлер күніне орай Басқарма Төрағасы – Ректор міндетін атқарушы Сәбит Суатай университеттің бірқатар қызметкеріне Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Құрмет» грамотасын табыстады.

Марапат иелеріне бұл құрмет олардың кәсіби қызметтегі жоғары жетістіктері, білім мен ғылым саласына сіңірген еңбектері үшін табысталды.

Сәбит Суатай құттықтау сөзінде университеттің дамуы мен беделін арттыруда әрбір қызметкердің еңбегі маңызды екенін атап өтті.

Бұл марапаттар университет ұжымының кәсіби шеберлігі мен білім саласына қосқан үлесінің айғағы болып табылады.