Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Қолданбалы жасанды интеллект» мамандығының 1-курс студенті Мариям Тұрғынбай Шымкент қаласында өткен жастар мен жасөспірімдер арасындағы Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының командалық чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, І орынға ие болды.

Жарыс 1–7 қараша күндері аралығында өтті. Біріккен чемпионатқа еліміздің әр өңірінен келген 12 қыздар командалары қатысты.

Бұл жетістік Тұрғынбай Мариямның еңбекқорлығы мен шеберлігін дәлелдеп қана қоймай, университет студенттерінің ұлттық спорттағы деңгейін де көрсетеді.

Алдағы уақытта Мариям 17–22 қараша аралығында Алматы қаласында өтетін тоғызқұмалақтан Әлем чемпионатына, сондай-ақ 22–30 қараша аралығында өтетін Азия чемпионатына қатысады.