Бүгін Кәсіби білім беру колледжінде «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы студенттеріне арналған қалалық олимпиада жоғары деңгейде өткізілді.
Олимпиада екі кезең бойынша ұйымдастырылды:
- I кезең – эссе жазу (қашықтан);
- II кезең – бастауыш сыныпқа сабақ жоспарын әзірлеу және қорғау (офлайн).
Қатысушылар өздерінің педагогикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін және әдістемелік дайындығын жоғары деңгейде көрсете білді.
Олимпиадаға қаламыздың педагогикалық бағыттағы 5 колледжінен 50 студент қатысуға өтініш беріп, олардың арасынан 10 студент екінші кезеңге жолдама алып, сайысқа түсті. Жарыс қорытындысы бойынша I, II, III орын иегерлері дипломдармен марапатталды, ал барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді.
Олимпиада студенттердің педагогикалық қабілетін, шығармашылық ойлауын және әдістемелік дайындығын көрсетуге мүмкіндік берді.
