2025 жылғы 18 қарашада Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Филология институты, Қазақ тіл білімі кафедрасының қауымдастырылған профессоры Гүлназ Тұрлыбайқызы Бейсенбекова  «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы студенттеріне «Кәсіби этика және сәйкестік» пәні аясында шеберлік сағатын өткізді.

Шеберлік сағаты университет түлегі, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Тыныштық Нұрдәулетқызы Ермекованың қазіргі білім беру трансформациясындағы педагог ретінде  кәсіби болмысын жан-жақты ашуға арналды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қазіргі білім беру трансформациясы жағдайында заманауи педагогтің тұлғалық-кәсіби бейнесін қалыптастыру, студенттерге ғалым-педагогтың кәсіби жолын үлгі ету, болашақ мұғалімдердің этикалық құндылықтарын, кәсіби жауапкершілігін және педагогтік ұстанымын нығайту, сондай-ақ Тыныштық Нұрдәулетқызының ғылыми бағыты мен жаңашыл тәжірибесін жас мамандарға бағдар ретінде ұсыну.

Айта кетейік, Тыныштық Нұрдәулетқызы  – жоғары оқу орындарында қазақ тілі мамандарын  даярлауға елеулі  еңбек сіңіріп, қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері бойынша іргелі зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген тілші-ғалым, жаңартылған бағдарлама бойнша мектеп оқулықтарының авторы.

Іс-шара барысында профессордың білім беру саласындағы жаңашыл еңбегі, кәсіби адалдығы, педагогикалық құзыреті, сондай-ақ инновациялық және академиялық шығармашылығының мәні жан-жақты талданды. Қатысушылар педагог мамандығының мәні мен оның қоғамдық маңызын жаңаша қырынан пайымдады.