Бүгін университетте «Networking: Жетістікке жету жолдары және кәсіби даму» атты мотивациялық кездесу өтті. Шараға тұлғалық дамуға қызығушылық танытқан студенттер  қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – қыздарға кәсіби және тұлғалық даму жолында шабыт беру, дұрыс бағыт көрсету және өз армандарына сенімді қадам басуға ынталандыру болды.

Қонақ ретінде QyzPU түлегі, бьюти-блогер, мотиватор «Айтарым бар» подкастының авторы Жанерке Сейфуллина шақырылды. Ол қатысушылармен өзінің тәжірибесімен, жұмыс жолындағы жетістіктерімен және жеке дамудағы маңызды қағидаларымен бөлісті. Шара барысында студенттер кәсіби мақсат қоюдың маңыздылығы, өзін-өзі дамыту мен табандылықтың рөлі, табысты әйелге тән тұлғалық қасиеттердің қалыптасу жолдары туралы ақпарат алып, өз саласында көшбасшы болуға арналған мотивация алды.

Кездесу қыздардың өз әлеуетін ашуына, кәсіби бағыт-бағдарын айқындауына және болашаққа деген сенімін арттыруға бағытталған нәтижелі іс-шара болып өтті.