Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Туғба Алан Өзденфедакар ханым арнайы келіп, Басқарма Төрағасы – Ректор міндетін атқарушы Сәбит Құрманжанұлымен кездесті.

Кездесуде Қазақстан мен Түркия арасындағы білім және ғылым саласындағы стратегиялық серіктестік, бірлескен жобаларды дамыту, академиялық ұтқырлықты кеңейту және университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері жан-жақты талқыланды.

Тараптар студенттер мен жас зерттеушілерге арналған бірлескен ғылыми бастамаларды қолға алу, екі ел жоғары оқу орындары арасындағы байланыстарды одан әрі тереңдету қажет екенін атап өтті.

Айта кетейік, бүгін QyzPU қабырғасында Түркия Республикасының Нийде Өмер Халисдемир университеті және Нийде технопаркімен жасалған екіжақты келісім аясында халықаралық «Tech QyzPU Niğde Hack: AI және жұмысшы мамандықтар» хакатоны басталды. Хакатон заманауи технологиялар, жасанды интеллект және практикалық IT-дағдыларды дамытуға бағытталған.

QyzPU әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуды жалғастырып, студенттерге жаңа мүмкіндіктер ашуды мақсат етеді.