Бүгін, 21 қараша күні, Филология институты, Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы «Контент пен құндылық: тренд пе, тәрбие ме?» атты өзекті тақырыптағы іс-шара ұйымдастырды.

Жиынға арнайы қонақ ретінде контент саласының маманы Құралай Раисова және кәсіби психолог Жұпаркүл Бейсенова қатысып, жастарға әлеуметтік желідегі ұлттық құндылықтарды сақтау, сапалы контент жасау және оның психологиялық әсері жөнінде маңызды кеңестер мен тәжірибелерін ұсынды.

Іс-шара барысында әлеуметтік желідегі мәтіндерде жиі кездесетін қателіктер, тілдің шұбарлануы, сондай-ақ жастардың блогерлерді сүзгісіз қабылдауы сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Қонақтар бұл жағдайлардың қоғам мәдениетіне тигізетін әсерін нақты мысалдармен түсіндірді.

Кеш соңында қатысушыларға контенттің сапасына мән беру жөнінде практикалық ұсыныстар берілді.

Бұл іс-шара жастардың ақпараттық сауаттылығын арттыруға, әлеуметтік желідегі контент арқылы құндылық қалыптастырудың маңызын түсінуге елеулі үлес қосты.