Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Филология институтының «Шетел тілдерін оқытудың әдістемесі және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының аға оқытушысы Нағашбекова Бану Сәбитқызы Türkiye Bursları халықаралық бағдарламасы аясында ғылыми грантқа ие болды.

Аталған грант шеңберінде ол Түркияның Памуккале университетінде алты ай бойы ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болады.

Бұл мүмкіндік оқытушының ғылыми әлеуетін арттыруға, халықаралық академиялық байланыстарды дамытуға және жаңа әдістемелік бағыттарды меңгеруге зор үлес қосады.