2025 жылдың 25 қарашасында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Тарих кафедрасының ұйымдастыруымен қонақ дәріс өтті. Спикер – Халықаралық Астана университетінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім және академиялық ұтқырлық бөлімінің жетекшісі, PhD Сапарова Динара Рахметовна. Дәріс «Сандық бірегейлік және мәдени тамырлар: жастар онлайн кеңістікте өткенмен қалай байланыс орнатады» тақырыбына арналды.

Шараға «Тарих-қоғамтану (IP)» және «Тарих-Дінтану» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.

Дәріс барысында спикер қазіргі жастардың цифрлық кеңістікте ұлттық-мәдени құндылықтармен байланысын, жеке және ұжымдық тарихи жадының онлайн форматта жаңғыруын, сондай-ақ цифрлық технологиялардың тарихи танымға ықпалын талқылады. Кездесу интерактивті форматта өткізіліп, студенттер өз көзқарастарын ортаға салып, сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды.

Бұл қонақ дәріс болашақ тарихшылар мен дінтанушылар үшін цифрлану дәуіріндегі жаңа ғылыми бағыттармен танысып, заманауи зерттеу әдістерін меңгеруге зор мүмкіндік берді.